Қазақстанда инвестициялық жобаларды мониторингілеудің жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды.  Онлайн режимінде жұмыс істейтін CRM жүйесі Kazakh Invest компаниясында қолданыла бастайды. Ол рұқсаттама қағаздарының жұмыстарынан бастап виза алуға дейінгі кезеңді қамтымақ. CRM барлық инвестициялық жобалар мен бастамаларды бір жерге жинақтайтын болады. Компаниядағылар жүйені енгізбес бұрын инвестиция тартатын компаниялардың тәжірибесін сараптап, ең үздік CRM жүйелерін алған. Алдағы уақытта  жүйені 8 тілге аудару жоспарланып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының egov порталымен де байланыстырылмақ.

БІРЖАН ҚАНЕШЕВ, KAZAKH INVEST ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ұсынатын жақ біздерге жобаларын береді, біз халықаралық стандарттарға сай болуын, қаржы тексереміз. Соған байланысты құрылымы бар. Сол жүйеге келтіреміз. Кейін біздің инвестициялармен айналысатын департамент оны енгізеді. Ұсынған автордың контактілерін көрсетеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер