Геологиялық барлауға шұғыл түрде инвестиция тарту қажет. Бұл мәселені жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы әлемдік стандарттарға сәйкестердіру арқылы шешу жоспарланған. Мәжілісте тиісті заң жобасын талқылау барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев осылай деді. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде барлауға бағытталған инвестиция көлемі 1 шаршы шақырымға бар болғаны 7 долларды құрап отыр. Мәселен, Австралияда 167, Канадада 203 доллар шамасында,-дейді вице-министр.

ТИМУР ТОҚТАБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Бізге минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру қажет. Ешбір елде бұл жұмысты мемлекет атқармайды. Бұл іспен инвесторлар айналысады. Алайда инвесторлар геологиялық барлауға инвестиция бағыттауға құлшыныс танытып отырған жоқ. Өткізілген аукциондар нәтижесінде 100 учаскенің 30-ы ғана олардың қызығушылығын тудырды.

Қолданыстағы кодексте барлау құқығына ие болу үшін байқауға қатысып, келісім-шарт жасасуға 1 жылдан астам уақыт керек. Ал жаңа заңнамада болса, лицензия алу ісі 2 апта шамасында шешілмек. Сонымен қатар, геологиялық зерттеуге жеке кәсіпорындар да қосылатын болады. Жер қойнауы пайдаланушының жеке меншігінде болады,- дейді мамандар.

ШАВХАТ ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Әкімшілік кедергі жасап тұрғаны жер қойнауын пайдаланушы барлауға бөлек лицензия, өндіру жұмысына кіріскісі келсе тағы да конкурстан өтіп, контракт жасауы тиіс. Жаңа Кодексте енгізіліп жатқан нормалар барлау да, өндіру де жер қойнаушының құқығына берілетін болады.

Өзгертулер бойынша сараптаманың 2 түрі ғана сақталатын болады. Экологиялық және өнеркәсіп-қауіпсіздік сараптамадан өткен пайдаланушылар жұмысқа кірісе алмақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер