Шанхайда «Қазақ–Қытай сауда-экономикалық және инвестицияны ынталандыру орталығы» ашылады. Оның негізгі қызметі – екі ел арасындағы инвестициялық жобаларды қарастырып, ұсыныстарды дайындау. Әзірге орталыққа Қытайдың 14 компаниясы мүше. Бұл  туралы «Қазақстан-Қытай инвестициялық байланыстар мен мүмкіндіктер» тақырыбымен өткен конференцияда белгілі болды. Оған жергілікті 50-ден астам компания өкілі қатысты. Еліміздегі «Нұрлы Жол» экономикалық даму бағдарламасы аясындағы жобалар мен инвестициялық климат бойынша толыққанды ақпарат берілді. Сонымен бірге, Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысқан ғылыми озық бағыттағы компанияларға «Алғыс хаттар» тапсырылды. «Қазақ – Қытай сауда-экономикалық және инвестицияны ынталандыру Орталығы» тілдік кедергі, заң тәртіптерін толық білмеу және ақпараттың жетіспеушілігі сияқты кедергілермен жұмыс істемек.

ЖОШЫХАН ҚЫРАУБАЕВ, ҚР ШАНХАЙДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ:

 - Екі жақты инвестициялық сауда-экономикалық бағыттарды жандандыру бойынша осындай орталықтың қажеттілігі бойынша ұсыныс білдірдік. Бұл ұсыныс барлық жиналғандар тарапынан қолдау тауып, бүгін тұсау кесері болып ашылып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер