Бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту – Елбасы жолдауында айтылған басымдықты міндеттердің бірі. Бүгінде қазақстандық өнімдер әлемнің 120 еліне жеткізіледі. Осы ретте, шикізаттық емес экспорттың аясын кеңейту басты назарда. Органикалық тыңайтқыштарын шығаратын мына кәсіпорын Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің нарығын бағындырған. Ал, келер жылдан бастап, Ресей нарығына шығуды көздейді. Биотыңайтқыш өсімдіктің өнімділігін 100 пайызға дейін арттырады. Ал, өндіріс орнының бір жылда 20 мың тонна сұйық және құрғақ өнім шығаруға қауқары бар.

РҮСТЕМ ӘЛИЕВ, МИНЕРАЛДЫ-ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің өнімдерді бау-бақшамен айналысатын шаруа қожалықтарынан бастап, аграрлық компанияларға дейін пайдалана бастады. Еліміздің әр өңірінен сұйық және құрғақ тыңайтқыштарға сұраныстар түсіп жатыр.  Себебі, біздің құнарландырғыштар топыраққа емес, өсімдіктің жапырағына үстінен себіледі. Бұл арқылы өсімдіктің өнімділігі арта түседі.

ӨМІРЖАН ТӘШІМОВ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 -  Осы технология бойынша өнімділікті арттырады. 30-дан 100 пайызға дейін өсіреді. Қазір қарап отырсақ, осы компания жарты жылда 400 млн теңгенің өнімін өндіріп, арық қарай 20 мың тоннадан жоғарлата отырып, Ресей, Украина нарығына шығу. Сол арқылы экспорттық потенциалды арттыруды көздейді.

Айта кету керек, компания өз жұмысын биыл ақпан айында бастаған еді. Жобаға үкімет қолдау көрсетіп, бағдарлама бойынша 355 миллион теңге көлемінде грантқа қол жеткізген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер