Сібір өңірінде Қазақстан-Ресей бизнес-форумы өтті. Ауқымды жиын 25 отандық және ресейлік компаниялар үшін нәтижелі болды. Бір күннің ішінде бес бірдей ірі келісімшарт жасалды.

Қазақстан - Сібір аймағы үшін Қытайдан кейінгі екінші импорттаушы мемлекет болғандықтан, әріптестік көкжиегін кеңейту заман талабы. Жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық химия, жоғары технологиялар мен құрылыс салаларындағы әріптестікке серпін бермек. Новосібірден Қазақстанға тауар тасымалдау көлемі 40 пайызға артты

ТАТЬЯНА ВЕРНАДСКАЯ, НОВОСІБІР Қ. САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Новосібірден Қазақстанға тауар тасымалдау көлемі 40%-ға артты. Ал Қазақ жерінен әкелінетін өнім көрсекіші екі есе ұлғайды.

Новосібір облысындағы ең ірі қонақүй кешенінің өкілдері тұрмыстық химия өнімдеріне қызықты. Әзірге, тазарту құралдарының бір партиясына тапсырыс берген. Бағасы сапасына сай болса, келісмішарт жасалады.

ВЛАДИСЛАВ МИНДА, ҚОНАҚҮЙ КЕШЕНІНІҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Новосібір – Қазақ жеріне жақын өңір. Сәйкесінше, қызметімізге жоғары бағасын берген меймандар көп. Көрші елдің азаматтарына әрдайым ризамыз. Енді Павлодардағы кәсіпкерлермен әріптестік орнатуға ниеттіміз.

Сондай-ақ, ресейлік кәсіпкерлер Астанада табысты өткен халықаралық EXPO көрмесінен кейін осындағы бизнесін жандандыра түскен. Бүгінде ресейлік 15 кәсіпорын өкілі еліміздің бес қаласындағы ірі кәсіпорындарды аралап, тәжірибе алмасуда. Новосібірліктер елімізде бес металл өңдеу орталығын ашуға ниетті. Инвестициялық жобаны қаржы құюға әзір.

МИХАИЛ КАМАЕВ, НОВОСІБІР Қ. ӘКІМШІЛІГІ ҒЫЛЫМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Қазақстандағы экономикалық жүйе кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Бұл жүйе жоғары технологияларда қажет етеді. Новосібір – ғылым ордасы. Қазақ жерінде қарқынды дамыған құрылыс, металлургия салалары үшін жоғары технологияларымызды ұсына аламыз. Сұраныс бар.

Екі жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей арасында сауда-саттық қарқын алды. Осы уақыт ішінде көрші елдің ірі қалаларында 14 сауда өкілдігі ашылған.

Ал Оралда Ресейдің Орынбор, Саратов және Самара облыстары кәсіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі «WestKazInvest» халықаралық форумы өтті. Көрші ел бизнесмендеріне облыстың инвестициялық әлеуеті мен нақты жобалары таныстырылды. «Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекаралық серіктестігі» атты көрмеде тараптар мұнай-газ секторын дамыту, экспорт көлемін ұлғайту мәселелері бойынша пікір алмасып, денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибемен бөлісті.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Біз жерін бердік, инвестор өз қаражатына үлкен жылыжай салатын болады. Бұл тек бастамасы, алда да жоспарларымыз бар, келешекте біз гостиница салу бойынша. Әуежай бойынша ол білесіздер, жеке аэропорт. Оны біз мемлекет пен жекеменшіксеріктестігі аясында жөндейтін боламыз. Биыл біз ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде де бірқатар келісімшарттарға қол қоюды көздеген болатынбыз, солар қазір форумға келіп отыр.

ЮРИЙ БЕРГ, РФ ОРЫНБОР ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

 - Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар бойынша алда келеміз. Бұл ретте Қарашығанақты игерудегі бұрыннан қалыптасқан әріптестіктің маңызы ерекше. Екі ел кәсіпкерлері бірлесіп қолға алған жобалар өте көп. Мысалы, суармалы жері бар шаруашылықтар үшін құны 1 миллиард теңге болатын құбырлар осы оралдық кәсіпорында жасалды. Сондықтан, бұған дейінгі басқосулар секілді бүгінгі форумның да нәтижелі боларына сенімдімін. 

Жыл басынан Батыс өңірдің Ресеймен сауда айналымы 310 миллион АҚШ долларына жеткен. Шетелдік инвесторлар үшін аймақта қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда облыс аумағында 230 біріккен кәсіпорын мен 400 шетелдік компания жұмыс істейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер