Атыраудағы мұнай машиналарын жасап шығаратын зауыт өндіріс ауқымын арттырмақ. Өндіріс ошағы индустриялдық бағдарламаның көмегіне сүйеніп, модернизациядан өтті. Соңғы бес жылдың өзінде мұнда республикамызда теңдесі жоқ жаңа цехтар іске қосылды. Мысалы, бұл автоматты дәнекерлеу қондырғысының артықшылығы - ешқандай ұшқынысыз, түтінсіз, ал бастысы ешқандай қол күшінсіз сапалы да, жедел жұмыс атқарады. Бұл жерде қалыңдығы 70 мм-лік болат жаймалардан болашақ қазандар құрастырылады. 

АРМАН САТЫМХАНОВ, АВТОМАТТЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

 - Біз осы 2 мектрлік металлды 90 секундта өтеміз. Бұрын оған 7 есе артық уақыт кететін. Автомат түрінде жақсы құйылады. корновой сосын горячий құямыз сонымен жабамыз, өте сапалы.

Жаңғыртудың арқасында зауыт еліміздің батыс аймақтарындағы бүкіләлемдік деңгейде танымал мұнай-газ компанияларынан жылма-жыл тұрақты тапсырыстар алып отыр.   

МАҚСОТ ИШАЕВ, ЗАУЫТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір мына үлкен алпауыт компаниялармен жұмыс жасап жатырмыз. Ол «Теңізшевройл», «Марубени» компаниялары, сосын «Қарашығанақ Петролоум». Осы өкімет пен Президентіміздің жақсы бағдарламаларының арқасында цех салдық. Мұндай цех, үлкен габаритті құрылғылар шығаратын осы Қазақстанда ғана бар, жалғыз. Біз қазір Еуропадан да, Ресейден де металл алып жұмыс жасап жатырмыз. 

Зауыттың өндірістік қуаты жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады. Биыл Қазақстан даму банкінен 10 млрд 500 млн теңгеден астам жеңілдетілген несие алып жаңа цехтардың құрылысын жүргізіп жатыр.

АЛЕКСАНДР ДОНСКОВ, МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Биыл екі цехты іске қоссақ отандық ішкі-сыртқы нарықтағы үлесімізді айтарлықтай арттырамыз. Бұл жаңа нысандар машина жасау саласындағы бірегей жобалар. Оның үстіне қосымша 180 адамды жұмыспен қамтитын боламыз.

Жаңа цехтар іске қосылысымен кәсіпорынның ішкі өндірістік қуаты 70 пайызға дейін артатын болады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер