Астана кедендік рәсімдеу орталығындағы тауар айналымының көлемі 20%-ға артты. Бұл көрсеткіште елордада өткен ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің үлесі зор. Орталықта «бір терезе» жүйесі енгізілген. Кәсіпкерлер бар құжаттарды бір жерде рәсімдеп, өз тапсырыстарын бейне экрандар арқылы бақылай алады. Жаңартылған  орталықтың жұмысымен Сенат депутаттары танысты. Олар келушілерге арналған аймақ пен қоймаларды аралады. Орталық жұмысын жүйелендіру барысында халықаралық тәжірибе ескерілген.

ҒОСМАН ӘМРИН, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ерекшелігі бәріңізге де уақыты белгіленген. Анық жазылған. Оны біреу бұзатын болса мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылады. Әрбіріне 5 минут, 20 минут деп жазылған. Барлық қызметтер. Ерекшелігі жемқорлыққа қарсы, әрі тәртіпке шақырады.

БАҚТЫБАЙ ШЕЛПЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Болашақта толықтыратын мәселелер бар. Осы кеден қызметкерлері біраз ұсыныстарын айтты. Бізде күзде кеден кодексі қабылданады. Сол жерде біз көп нәрсені ескеріп депутаттар ұсыныс енгізеді деп есептеймін.

Кедендік рәсімдеу орталығы осыдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Бұл жерде жүктің жеткізілуінен бастап тапсырыс берушіге табысталуына дейінгі уақыт бар болғаны - 3 сағат. 

РАУШАН ҚАДЫРОВА, БРОКЕРЛІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Біздің де жұмысымыз бұрынғыдай емес, жеңілдеді деп айтсам артық болмас. Шетелден әкелген тауарымыз бұрынғыдай бекетте 2-3 күндеп тұрып қалмайды. Себебі, құжат қазір небәрі санаулы сағатта рәсімделіп, дайын болады. Көп күтпей тауарымызды өз қоймамызға әкете аламыз.

Жыл басынан бері орталықтан мемлекет қазынасына 83 млрд теңгеден астам төлем түскен. 10 мыңнан көп декларация беріліп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер