Келер жылы елімізде электромобильдердің жаңа түрлері құрастырыла бастамақ. Өндіріс Қостанай автокөлік зауытының базасында іске қосылатын болады. Қазақстан-Қытай бірлескен жобасы отандық көліктердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - дейді мамандар.

СЕРГЕЙ МОГИЛАТОВ, АВТОЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Алдағы 10-15 жыл шамасында көптеген еуропалық елдер іштен жанатын қозғалтқыштармен жұмыс істейтін көліктерден бас тартады. Сондықтан біз экологиялық таза көліктерді шығара бастауымыз керек. Бұл үшін инфрақұрылым мен батареялардың сыйымдылығы, салқын температурада жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді реттеу қажет. Технологиялық тұрғыдан бұл шешілетін жайт.   

Форум қатысушылары мемлекеттік қолдау, салаға инвестиция тарту, жоғары технологияларды енгізу және импортты алмастыру мәселелерін талқылады. Бұл тұста отандық автокөлік өндірушілермен шетелдік мамандар тәжірибе бөлісуге әзір.

ФОЙЕР РЭМИ, HEULIEZ BUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ/ ФРАНЦИЯ:

 - Екі жыл бойы біздің электрлік автобустар Франция мен батыс Еуропада жұмыс істейді. Басында 10-20 автобус болатын шағын парктерден бастадық. Сол кезде мұндай көліктерге арналған жанар-жағармай стансаларын салу мәселесі туындады. Францияда үлкен муниципалитеттерді өз парктерінің кем дегенде жартысын электр автобустарымен толықтыруға міндеттейтін заң жобасы қабылданған болатын. Мұндай шаралар электр автокөліктерін жасау саласына тың серпін берді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер