Агроөнеркәсіп кешенін қолдау аясындағы шаралар отандық ауыл шаруашылық техникасын құрастырушыларға да бағытталған. Осындай демеудің арқасында Көкшетаудағы өндіріс ошағы өнім түрлерін еселеуді көздеп отыр. Зауыт Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік байланыс орнатқан. Институт зауытқа сынақтан өткен техникалардың ресми құжаттарын береді. Ал, кәсіпорын оларды өндіріске қосады. Бүгінде мұнда 8 түрлі техника шығарылып жатыр. Оған енді тағы 6 техника қосылады.

 

ОЛЕГ БАЛЫБИН, ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазір біз техникалардың қосалқы бөлшектерін де өзімізде шығаруға тырысып жатырмыз. Ал, жаңағы 6 техника келесі жылдан бастап өндіріліп, сатылымға шыға бастайды. Бізге мемлекет субсидия беріп отыр. Сол себепті алдағы уақытта техникаларымызды үстемесі 5 пайыздық лизингке береміз.

 

Аз ғана уақыттың ішінде кәсіпорын еліміздің түкпір-түкпірінен өкілдіктерін ашып үлгеріпті. Яғни, кез келген қазақстандық шаруаға Көкшетаудың техникалары қолжетімді болмақ. Зауыт қазір жылына 250 бірлік техника шығарып отырса, келесі жылдан бастап 600 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Ал, жүйелі жұмыс істей алатын осындай өндіріс ошақтарына мемлекет көмегін аямайды.

 

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ҚР АШМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 - Осы зауытқа жеңілдетілген кредит берілейін деп жатыр. Ол кредитке бұл зауыт, жаңа станоктар алады, жұмыс орны кеңейтіледі. Жалпы өндірісті көбейтіп, техника шығарады.

 

Жалпы, зауыттың жоспарында 30 түрлі техника құрастыру межесі тұр. Ал, бұл жұмыстарға әзірге 30 адам жұмылдырылған. Келесі жылдан бастап кәсіпорын өндіріс аумағын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Ол үшін осы зауыттың жанынан тағы бірнеше өндіріс алаңдары салынады. Ал, бұл жобалар жүзеге асқан кезде жұмысшылардың қатары 200-ден асады деген жоспар бар.

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы инновациялық трактор зауыты жақында іске қосылған. «Ертіс Т3» деп аталатын мына тракторда 45 аттың күші бар. Жер жырту, егін салу, қар күреу, тұқым себу жұмыстарының бәріне ыңғайлы. Жергілікті өндірісті қолдау құралдары да қарастырылған.

 

МҰРАТХАН ҚИЯМАЗАНОВ, ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - 2 есеге дейін аз жағады жағармайды. Үлкен тракторлардың қызметін атқарады. Бұл тракторларға кооперативтерге 50 пайыз, шаруа қожалықтарына жері, малы болған жағдайда 30 пайызға дейін Үкімет ақшасын субсидия ретінде қайтарып беріп жатыр. Осы қолға алынғалы өткен айда ғана 12 трактор көрші аудандарға сатылды.

 

Шағын кәсіпорын қытайлық кәсіпкердің 80 миллион инвестициялық қаражатына ашылған. Бүгінге дейін 40 шақты техника құрастырылып, шаруаларға сатылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер