Азия даму банкі Қазақстанға 3 миллиард доллар қаражат бағыттамақ. Қаржы институтының 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттермен жаңа әріптестік стратегиясы осындай. Банк өкілдері жаңа бағдарламаның мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары мен мемлекеттік емес саланы қолдауға арналып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, Азия даму банкі бағдарламасының басым бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығына демеу болып, елдегі агробизнесті дамыту. Бөлінген қаражат экономиканы әртараптандыру шаралары мен тұрақты дамуды қолдауға жұмсалатын болады. Айту керек, АДБ-і қарыздарды ұлттық валютамен де беруге әзір. Қаражатты игеру үшін қаржы институты муниципалды инфрақұрылымдық қор құруды жоспарлауда.

 

ДЖОВАННИ КАПАННЕЛЛИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДБ ӨКІЛІ:

 - Жаңа әріптестік стратегиясы «Қазақстанның 3,0 жаңғыру» бағдарламасымен сай келеді. Біз 3 стратегиялық бағыт белгілеп отырмыз. Біріншісі – елге экономиканы диверсификациялауда қолдау көрсету. Келісісі – инклюзивтік дамуды қолдау  және үшіншісі – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Яғни энергия тиімділікті арттыру, жаңартылатын энергия көздерін қолдану саясатын ұстану.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер