Қазақстанның ел астанасын көшіріп, жаңа қала құру тәжірибесі әлем үшін қызықты. Мысалы, Индонезияда қазіргі таңда бас шаһарды Джакартадан көшіру мәселесі белсенді талқылануда. Бұл тұста олар Қазақстанның тәжірибесін ең сәтті деп санайды. Сыртқы істер министрлігінде өткен жиын барысында Индонезиядағы Қазақстан елшісі Асхат Оразбай осындай ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, Индонезияда Қазақстан елшілігі бар болғаны 5 жыл бұрын ашылған. Қазіргі таңда өзара тауар алмасу көрсеткіші ауыз толтырып айтатындай емес. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында көрсеткіш - 15 млн доллар. Бұған екі елдің алшақ орналасуына байланысты көлік шығындарының мол болуы себеп. Алайда бірқатар бірлескен жобаларды қолға алу жоспарланып отыр. Мәселен, индонезиялықтар көмір өнеркәсібі саласы мен фармацевтикалық өнім өндірісі бойынша әріптестік орнатуға әзір. Қазақстандық тарап та жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуде. 

 

АСХАТ ОРАЗБАЙ, ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛШІСІ:

 - Дәрі шығаратын зауыттар көп екен Индонезияда. Ең үлкен компанияларының бірінің өкілдері бірнеше рет Қазақстанға келіп, Қазақстанның бір ірі қаласында дәрі шығаратын үлкен компания жасағысы келіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер