Қазақстан аграрлық саланың экспорттық әлеуетін арттыруға ден қойды. Еліміз бойынша соя мен жүгері алқаптарының 95 пайызы Алматы облысына тиесілі. Аймақта шығатын техникалық бағыттағы өнімдердің жартысы Азия мен Еуропаға экспортталады. Енді, өңірде қарқынды бау-бақша ісімен айналысу жүріп жатыр. Қазір мұнда инновациялық технология негізінде 5 мың гектарға бау-бақша отырғызылған.

 

КОЮМЧАН ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің облысымыздың, әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидек әрі тұқым түрлерін шетелге сатуға мол мүмкіндігі бар. Былтыр Панфилов ауданында бір мың гектарға алма, шие, алмұрт егілді. Жақында оларды ішкі нарықтан бөлек, шетке шығару көзделуде.

Мына шаруа қожалық иесі Рахымжан Сұрабалдинов биылдан бастап картоптың бірнеше түрін өсіруді қолға алыпты. Бұл бастамаға аймақта жүргізілген тәжірибе нәтижесі де оң ықпал еткен.

 

РАХЫМЖАН СҰРАБАЛДИНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ұжымның құрылғанына биыл 10 жыл болды. 2007 жылы құрылған. Қазір біз картоп алқабында тұрмыз. Көріп тұрсыздар 80 гектарға картоп егілген. Оның 50 гектарына чипсы жасайтын сорты егілген. 30 гектарына голландский сорты.

Жетісу өңірінде талшығы тоқыма, автокөлік және компьютерлік өндірісте кеңінен пайдаланылатын шөп өсіру ісі де жолға қойылған. Шикізат 100 пайыз экспортқа сатылады.

 

МАКСИМ СКРЫННИК, КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз шікзатты тек экспорттау мақсатында шығарып отырмыз. Осылайша, сыртқы нарықта сұранысы жоғары өнім өндіргіміз келеді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы да агроэкспортты еселемек. Өнімін сыртқа шығаратын «Шымкентмай» зауыты «Қазақстанның Даму банкінен» «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қаржыландыру алды. Осының арқасында экспорттан түсетін табысын тағы 2 пайызға аттырмақ. Әрі жаңа нарықтарды игеріп, әлеуетін кеңейтуді көздейді. Бүгінде кәсіпорын өнімінің 50 пайызы Қытай, Ауғанстан, Ресей және Орта Азия елдеріне жөнелтілуде.

 

НАТАЛЬЯ ХАРИПОВА, КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - "Қазақстанның Даму банкі" қолжетімді несие ұсынып отыр. 2 жыл мерзімге – 3 млрд теңге. Осы қолдаудың арқасында сатып алынатын шикізатты арттырып, өндіріс ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

 

Мақта мен сафлор – жергілікті өнім болғанымен, соя, күнбағыс дәндері Талдықорған, Павлодар және Өскеменнен сатып алынады. Нәтижесінде зауытта жылына 25 мың тонна өсімдік майы, 50 мың тонна жем-шөп, 7 мың тонна кір жуатын сабын өндіріледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер