Қытай провинциясы мен қазақстандық өңірлер жаңа бірлескен жобаларды қолға алмақ. Астанада өткен Қытайдың Шаньдун провинциясы апталығында тиісті келісімдерге қол қойылды.  Аспанасты елінің бұл өңірі тұрғындар саны бойынша да, экономикасының дамуы бойынша да  алдыңғы қатарда. Өнім өндірісінде үшінші орында тұр. 100 млн халқы бар Шаньдуннің ішкі жалпы өнімі 3 трлн доллар шамасында. Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық әріптестік агенттігі мен  ЖалпыҚытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының тұрақты комитеті арасында өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан әкімдіктері Қытайдың Линьи, Дунъин қалаларымен келісімдерге қол қойды.

 

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ауыл шаруашылығы өнімдерін арықарай терең өңдеу қарастырылып отыр. Сабаннан қағаз шығару жобасы, өңірдің логистикалық потенциалын қолдану қарастырылып отыр. Сондай-ақ осы компаниялардың арқасында өнімді Ресейге, Қытайға және Еуропа елдеріне өндіріліп шығарылған өнімдерді экспорттауға арықарай күш салады.

 

ЕМЬ ЯН, МҰНАЙ-ҚҰРЫЛЫС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

 - Біздің компания қазақстандық нарыққа 2015-жылы кірген. Ол кезде біз теңіз суын тұщыландырумен айланыстық. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында күн электр станциясын салып жатырмыз. Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Жасыл энергетика және инфрақұрылым салалары бойынша кез келген бизнеспен әріптестік орнатуға дайынбыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер