«Астана» халықаралық қаржы орталығы еліміздің «жасыл» қаржы жүйесі дамуының тұжырымдамасын ұсынды. Ол маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жасыл облигацияларды шығаруды қарастырады. Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «жасыл» қаржы халықаралық орталық жұмысының басым бағыттарының бірі болмақ. Қазіргі таңда әлемде «жасыл» облигациялар ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың қатарында. Оның жыл сайынғы өсімі 40 пайыз.

 

АЙДАР ҚАЗЫБАЕВ, «АСТАНА» ХҚО БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бізде жасыл облигациялардың нарығы болуы үшін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына, қаржы институттарына құрылым бойынша барлық жағдай жасауымыз керек. Мәселен, егер де инвестор өз қаражатының экологиялық жобаларды қолдауға, қоқысты жоюға, жасыл көлікке және энергия тиімділігіне бағытталғанын қаласа, ол жасыл облигациялар инвесторы бола алады.

 

Қазақстандағы алғашқы жасыл облигациялар жыл соңына дейін шығарылады деп күтілуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер