Оман Сұлтандығында қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдері сұранысқа ие. Араб елі тарапынан жергілікті қой-ешкі төлдері мен астыққа деген қызығушылық артып келеді. Бұл жөнінде аталмыш мемлекеттегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ержан Мұқаш мәлім етті. Оның айтуынша, Оман Сұлтандығына түрлі метал экспортыда жақсы жолға қойылған. Елдеріміз арасындағы былтырғы сауда-саттық көрсеткіші осыны меңзейді. Өзара тауар айналымы 372 млн доларға жеткен. Ендігі кезекте Оман елі Қазақстанмен транзиттік бағытты ерекше дамытуға ниетті. Ондағы мақсат – өзге де салалардағы әріптестіктің  әлеуетін арттырып , екі жақты алыс-берістің аясын кеңейту. 

 

ЕРЖАН МҰҚАШ ҚР ОМАН СҰЛТАНДЫҒЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: 

 - Олар қазір басқа саланы да дамытуға қадам басты. Атап айтқанда туризімді дамытып жатыр.Сосын кейін транспорт логистика дейміз ғой. Оманның мысалы өзге Араб елдеріне қарағанда оналасқан жері өте маңызды. Араб түбегінің оңтүстігінде орналасқандықтан бүкіл порттарының барлығы Үнді мұхитына шығып жатыр.

 

ҚАЗАҚСТАН МЕН ВЬЕТНАМ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

 

Қазақстаннан Вьетнам еліне де тасымалданатын тауардың көлемімен қатар, өнім аталымдарының саны артып келеді. Мәселен, былтыр бұл АСЕАН мемлекетіне экспортталған отандық өнімнің құны 167,4 млн доллардан асып жығылған. Бұған дейінгі бұл сомма көлемі 7-10 млн долар шамасында ғана айналшақтапты. Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және Өкілетті  Елші Бекетжан Жұмахановтың  айтуынша, биыл да рекордтық көрсеткішке қол жетпек. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында ғана аталмыш  мемлекетке 146,3 млн долардың қазақстандық өнімі тиеліпті. Вьетнам негізінен қорғасын, мырыш сынды металдарды сатып алады. Ал  бізге түрлі техникалық құрылғылар мен теңіз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жібереді.

 

БЕКЕТЖАН ЖҰМАХАНОВ ҚР ВЬЕТНАМДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бізге  көліктік логистиканы жүйеге келтіру қажет. Вьетнамдықтар  Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында теңіз арқылы жұмыс істейді. Осылайша, олар өз тауарларын 45-50 күн аралығында Санкт-Петербургке дейін жеткізеді. Бізге Солтүстік Вьетнам өте тиімді. Оларда бұл ретте екі бағыт бар. Біз Қазақстан арқылы Еуропаға шығуды көздеп отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер