«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Заңына енгізілетін түзетулер елімізге шетелден инвестиция тартуға оң септігін тигізбек. Сонымен қатар, кен орындарын игеруді рәсімдеуді барынша жеңілдетеді. Мәселен енді төрт сараптаманың орнына жер қойнауын пайдалану жобасына бір-ақ сараптама қажет болады. Өтініштерді қарастыру мерзімі де қысқарды. Айта кетерлігі, соңғы уақытта Ертіс өңіріне Ресейден инвестиция тартылып жатыр. Қазіргі уақытта аймақта оңтайландырылған жүйе бойынша кен орындарын пайдалану құқығын беруге арналған алғашқы аукцион да ұйымдастырылды.

 

ДӘУЛЕТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Процедуралар инвесторлар үшін қолайлы болмақ. Мәселен, Ресейден инветорлар келіп, кен орындарын игеруге ниетті. Заңнамалық базаға да қызығушылық танытуда. Себебі, көрші елде кен орнының учаскесіне иелік ету шаралары қатаң.  Заңнамаға енгізілетін түзетулердің арқасында шетелдік инвестицияларды тарту жеңілдейді. Жұмыс сапасы да жақсарады деген ойдамын.

Ал Қостанай облысында титан-цирконий кенін игеруге инвестор қаржысы тартылады. Руда аэрогеофизикалық зерттеу нәтижесінде анықталған. Қазір бұрғылау арқылы оның мөлшері мен  көлемі нақтылануда. Бұл – «Қаз-гелогия» мен австралиялық тау-кен өндіру компаниясының бірлескен жобасы.

 

ҚАДЫРЖАН ҚАУЫЛДАШЕВ, «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Нәтижесі бар учаскелерді қалдырып, соларға контракт анау жер қойнауын пайдалану картасына биылғы жылдың аяғына дейін қойылады деген үміттеміз. Сол циколиленген титан өнімдері мұнда болған болса, бұл компания кен орынына сол кеніш салып, байыту, қорыту зауытын салмақшы.

 

ПОЛ СМИТ, БАС КЕҢЕСШІ /АВСТРАЛИЯ/:

 - Құмның түсінен-ақ минералдар құрамын білуге болады. Бұрыңғы деректер де, бүгінгі сынамаларда бұл жерде титан цирконидің бар екендігін дәлелдеп отыр.

Шетелдік инвестор  геологиялық барлау жұмыстарына 4 миллион Австралия долларын салды. Бұл компания сыртқы әсерге, жоғары температураға төзімді цирконий бағалы металын өндіруден әлемде бірінші орын алады. Осындай ірі өндіріс иелері Қазақстанды инвестицияға қолайлы ел деп санайды.

 

ЭНТОНИ ТОРНТОН, ТАУ-КЕН ӨНДІРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ /АВСТРАЛИЯ/:

 - Бұл салада Қазақстан үкіметі іске асырып жатқан реформалар, оның үстіне жаңа кодестің дайындалып жатқаны шетелдік инвесторлардың жұмысын біршама жеңілдетеді. Мұның бәрі өзінің оң нәтижесін беретіндігіне сенімдімін.

 

Тілші. Қостанай облысында бұрғылау жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Ал бұл жобаны 2018 жылға дейін толық іске асыру көзделген. Алдағы уақытта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында 50 мың шаршы шақырым жерді аэрогеофизикалық әдіспен зерттеп шықпақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер