Әлем елдерімен байланыстарды нығайтуға «Нұрлы жол» экономикалық саясатының септігі мол. Заманауи көлік дәліздерін салып, барыс-келіс пен алыс-берісті жақсарту - басты міндет. Сапалы инфрақұрылым ішкі және сыртқы туризмнің дамуына да ықпал етері анық.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз тарихымызда еш уақытта осындай ұлан-ғайыр жерімізде осындай жолдар салғанымыз жоқ. Барып сұраңдаршы, мысалы ОҚ-ның азаматтары осындай жолмен жүрді ма?! Қазір Шымкенттен Алматыға жету үшін көзді ашып жұмғанша. Астана мен Бурабайдың арасындағы жол сияқты. Ол жол Қытайдың шекарасынан Алматыны, Жамбылды, Оңтүстік Қазақстанды, Қызылорданы, Ақтөбені асып отырып Ресейге шығып кетеді. 2700 шақырым.

Заманауи жолдардың бойында халықаралықталаптарға сай қызмет түрлері ашылады. Бұл дегеніміз жаңа жер учаскелерінің игеріліп, жұмыс орындарының ашылуын қарастырады.

 

ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Елбасы өзінің 52 минут сөйлеген сөзінде айтты. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер». Соның ішінде «Нұрлы жолды» алатын болсақ, мына Батыс Қытай-Батыс Еуропа салынған жолдың үстінде кәсіподақтар Жамбыл облысында бастадық, Қызылорда, Ақтөбе облысында салынатын қонақ үйлер туризмді дамыту үшін.

«Нұрлы жол» аясында Астанадан еліміздің әр қиырына еркін қатынау мүмкіндігі жасалып жатыр. Биылдың өзінде, бұл мақсатта жалпы ұзындығы 4400 шақырымды құрайтын 22 жоба қолға алынды. Мәселен, Астана мен Теміртау арасындағы жол құрылысы осы жылы аяқталып, Теміртаудан Қарағандыға дейінгі көлік дәлізі келер жылы толық пайдалануға берілетін болды.  

 

ИГОРЬ ГАФТОН, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Биыл екі бағыт бойынша жолды ашамыз. Келер жылы жарықтандыру, инженерлік жабдықтау және жол белгілерін қою жұмысын жүргіземіз. Жобаға 11 млрд теңге бөлінген.

 

Орталық Солтүстік, Орталық Оңтүстік, Орталық Шығыс, Орталық Батыс бағыты бойынша жүзеге асуы тиіс жүйелі жоспарлар көп. Сондықтан үкімет жыл соңына дейін республика бойынша 600 шақырым жолды пайдалануға беруді көздейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер