Қазақстан мен Әзербайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына - 25 жыл. Осы уақыт аралығында 2 ел түрлі бағытта  ынтымақтастық орнатып, энергетика, көлік салаларында ірі жобаларды жүзеге асырды. 25 жыл ішінде әр елде бірнеше буын ұрпақ қалыптасты. Десе де, халықтар арасындағы тығыз байланыс жоғалып кеткен жоқ.

 

ГАНИРА ПАШАЕВА, ӘЗЕРБАЙЖАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Әзербайжан мен Қазақстан тәуелсіздік алған бетте өзара байланысын нығайтуға қызу кірісті. Қос тарап халықаралық ұйымдарда бір-біріне қолдау көрсетеді. Әзербайжан Қазақстанның мүддесін әрдайым қорғауға дайын. Арамызда саяси және экономикалық ынтымақтастық орнады. Сондай-ақ, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы секторларында ортақ жобалар бар.

Гуманитарлық және мәдени салада да біраз жетістікке қол жеткізілді. Қазақ тіліндегі туындылар әзербайжан тіліне жиі аударылады. Көптеген мәдени шаралар бірлесіп ұйымдастырылады.

 

ӘДІЛ ӘЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН-ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ДОСТЫҚ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Екі елдің қарым-қатынасы мемлекет басшылары, үкімет және парламент деңгейінде орнатылған. Билік тармақтары қос тараптың әлеуетін ескере отырып, осы байланысты әрі қарай дамыту үшін күнделікті қарқынды жұмыс атқарып келеді. Әріптестеріміздің шақыруымен біз тағы да Қазақстанға бармақшымыз. Мұндай сапарлар оң нәтиже береді деген сенімдеміз.

 

Соңғы жылдары қос мемлекет көлік, логистика және энергетика салалары аясында біраз жұмыс атқарды. Әлемдік деңгейде жарияланған бастамаларды жүзеге асыруға бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер