Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастығына – 25 жыл. Осы уақыт ішінде еліміз ұйым қызметіне белсене араласып, әлемдегі тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып келеді. Астанада еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен және осы ұйымның бас хатшысы Роберто Монтелламен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Мемлекеттік хатшы Бірлестікке мүше елдер назарын терроризммен күрестің өзекті мәселелеріне аудару үшін ұйым жанынан арнайы комитет құру туралы бастамасын Қазақ елі  қолдайтынын жеткізді.

 

ГҮЛШАРА ӘБДІХАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫCЫ:

 - Еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы мүшелігін жоғары бағалайды. 2010 жылы біз осы ұйымның төрағалығында болдық. Онда қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселелер қаралған болатын.  Бұл жұмыс әлі де жалғасын тауып келеді. Сондықтан да, Қазақстан алпауыт ұйымның Парламенттік Ассамблеясы ұсынған арнайы терроризмге қарсы күрес комитетін құруға қатысты бастамасын қолдайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер