Келер жылдан бастап Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерін экспортқа шығаруы мүмкін. Отандық мұнай өңдеу зауыттары іске қосылғаннан кейін елімізді отынның түр-түрімен қамтиды. Ал, артылған өнім Орта Азия мен Ауғанстан мемлекеттеріне экспортталуы тиіс. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Ол Шымкент зауыты қазірдің өзінде қара алтынды өңдеуге дайын екенін атап өтті. Ал, Атырау мен Павлодардағы кәсіпорындардың жарамдылығы биыл қараша айында тексеруден өтеді. Сонымен қатар, министр жаңартылған нысандардың Индустрия 4.0 бағдарламасының стандарттарына сай екендігін алға тартып, зауыттағы жұмыс қоршаған ортаға еш зиян келтірмейтінін жеткізді.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

- Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында ақшыл мұнай өнімдеріне қатысты келісім бар. Құжатқа сәйкес біз оны сыртқа шығара аламаймыз. Себебі, көршілес ел бізге бензин мен дизельдік отынды баж салығынсыз сатып отыр. Біздің мұнай өңдеу зауыттарымыз іске қосылғаннан кейін, бұл келісімді қайта қарастырамыз.

Ал, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жаңғырту кезеңінен сәтті өтіп, шығарылатын өнім сапасын «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартына сәйкестендірді. Енді қара алтын өңдеуді 90 пайызға дейін жеткізбек.

ТАЛҒАТ МАКУОВ, ЗАУЫТТЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Жұмыс аяқталған кезде зауыттың жанармай шығару жүйесі толықтай жаңғыртылады. Шығаратын өнімдеріміз халықаралық стандарттарға толық жауап беретін болады. Қазіргі таңда екінші кезең бойынша жүргізіліп жатқан құрылыстың 60 пайызы бітті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер