Үстіміздегі жыл қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 45 пайызға артады деп күтілуде. Биылғы өсім елдердің 2013 жылғы өзара сауда-саттық байланысының рекордтық көрсеткішінен кем түспейді деп жоспарланып отыр.  Ол кезде екі жақты алыс-беріс көлемі 6,5 млрд. доларды құраған. Бұндай болжамды Қазақстанның аталмыш Еуропа мемлекетіндегі елшісі Болат Нүсіпов келтірді. Айта кетейік, Қазақстан Германияның Орталық азия елдеріндегі ең ірі стратегиялық әріптесі саналады. Негізінен кәрі құрлық жеріне отандық мұнай өнімдері тасымалданады. Ал неміс инвесторлары жергілікті экономиканың шикізаттық саласына қаржы құйып келеді. Атап айтар болсақ, машина жасау, құрылыс және ауылшаруашылық салаларындағы серіктестікке басымдық берілуде. Сондай-ақ, тараптар арасында энергия тасымалдау, қуат үнемдеу мен кәсіптік техникалық білім беру бағытарында жақсы қарым-қатынас орнаған.   

БОЛАТ НҮСІПОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕРМАНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ: 

– Германияның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы өзара тауар айналымы 4 млрд еуродан асып жығылған. Үстіміздегі жылдың тек 5 айында сауда саттық көлемі былтырғы дәл сол мерзімдегі көрсеткіштен 36 пайызға артқандығы байқалады. Осы аралықта мемлекеттеріміз 2,1 млрд. еуронын саудасын жасады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер