Аталған көлемдегі қаражатты Еуропалық инвестициялық банкі құятын болды. Бұл – «ҚазАгро» холдингі жүргізген келіссөздің нәтижесі. Жалпы, соңғы 5 жыл ішінде ұлттық холдинг пен оның еншілес кәсіпорындары арқылы 375 млрд теңге көлемінде шетелдік инвестиция тартылыпты. Қазақстандық аграршылардың сырттан инвестор табуына жылда өткізіліп тұратын «АгроИнвест» форумының септігі мол. Биыл 25 тамызға жоспарланған ауқымды шараға Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Польша, Испания және т.б. елдерден 120 компания қатыспақ.

ГҮЛНАЗ АТАМҚҰЛОВА, «ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық саясаттың негізгі міндеті – агроөнеркәсіптік кешенді барынша тиімді дамыту үшін ішкі және сыртқы қаражатты тартуда қолайлы жағдай жасау. Қазіргі қолданыстағы аграрлық сектордың заңнамалық базасы әлемдік экономика талаптарына сай келеді. Және ең бірінші кезекте кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауға бағытталған.

Форумға келетіндердің бірі – Сергей Сергин құс шаруашылығымен 6 жыл бойы айналысып келеді. Ол осыған дейін болған аграрлық форумда венгриялық әріптестерімен танысып, ынтымақтастық орнатқан. Жақында олар 10 мың тонна қаз етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

СЕРГЕЙ СЕРГИН, ҚҰС ФЕРМАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Болашақ инвесторларға өзіміздің шаруашылықтарымыз жайлы баяндауға дайынбыз. Жобаларымызбен бөліскіміз келеді. Егер бізге инвесторлар келсе, жылына 1 миллион қаз, 2 миллион үйрек өсіреміз. Бұл жақсы көрсеткіш. Кейін өз өнімдерімізді Еуропа, Азия, Ресей нарықтарына шығаруға үміт бар.

Астанада өтетін форумға 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер қатысуға ниет білдірді. Олар панельдік сессиялар мен шеберлік сағаттар аясында  тәжірибе бөліседі. Мәселен, сертификаттау, электронды сауда алаңдары, экспорттық операциялар жайында әңгіме қозғалады. Сондай-ақ, нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру да назардын тыс қалмайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер