Қазақстанға трансұлттық компаниялардың қызығушылығы зор. Бұған былтыр іске қосылған «Токио Роуп Алматы» зауыты дәлел. Жобаға жапон компаниясы 17 млн доллар инвестиция құйған. Кәсіпорын болат арқан мен тор өндіру жұмысын өткен жылы бастап кетті. Сұранысқа орай бір ай бұрын дәл сондай екінші зауыттың құрылысы басталды.

ШИГЕТО ТАНАКА, TOKYO ROPE MANUFACTURING ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз Алматы қаласындағы өткен жылы іске қосылған зауытты негізгі орталық деп есептеп отырмыз. Өнімдері отандық және көрші елдердің сұранысын қамтамасыз етеді. Ал, құрылысы басталатын екінші зауыт өнім көлемін арттырады. 

ӘРСЕН НАСЫРХАНОВ, АЛМАТЫ Қ. ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Сапалы өнімдерді экспорттау мүмкіндіктері пайда болуда. Жақында Токио Роп зауытының болат арқан және торлары Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және Сауд Арабия елдеріне тасымалданбақ.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының мәліметінше, біздің елде кәсіп ашып, қаржы салуға ниеттілердің көш басында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания, Қытай және Түркия елдерінің компаниялары тұр. Алматы қаласында инвесторларға барлық мүмкіндік жасалған. Яғни, Алатау ауданындағы индустриалды аймақ жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын.

АЙДАР САПАРОВ, АЛМАТЫ Қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- ПИТ «Алатау» - ол жерде инвесторлар салықтан босатылған. Ал, индустриалды аймақта инвесторлар жер учаскелерін грант ретінде өзінің жеке меншігіне алуға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қоржынында қазір экономиканың жеті саласын дамытуға бағытталған 16 ірі жоба бар. Олардың жалпы құны – 7,7 млрд доллар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер