Инвестиция тарту мақсатында екі жақты байланыс тереңдетіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілетін елдердің тізімі жасалды. Бұл қатарға 25 жылдың ішінде ел экономикасына қаржы құйған 11 мемлекет енді. Олардың арасында Германия, Франция, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея бар. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, инвестициялық стратегия шеңберінде алдағы уақытта бұл елдермен байланыс одан әрі жандандырылып, қаржы тартудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, министр экономиканың инвестиция тартуға басымдық берілетін салаларын атап өтті.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Олардың ішінде машина жасау саласы, мұнай химиясы тағы да басқа салалар бар. Екінші тобы ол үлкен перспективасы бар салалар. Болашағы бар салалар, ІТ саласы, қаржы саласы және туризм. Осы салалар бізде жаңадан дамып жатқан салалар. Оларға ерекше көзқарас болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер