Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Әсіресе экономикалық байланысты жандандыра түсетін бірлескен кешенді жобалар қолға алынбақ. Атап айтсақ, тараптар көлік-логистикалық, өндіріс және ғарыш салаларындағы әріптестікті жетілдіре түсуге мүдделі. Тек биылдың алғашқы 5 айында өзара тауар айналымы 207 млн долларды құраған. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда сауда-саттық көрсеткіші 73 пайызға артыпты. Қос мемлекет арасындағы алыс-берістің өсіміне бірлескен кәсіпорындардың қосқан үлесі басым. Бүгінде Қазақстанда ғана Беларусь капиталымен 250-ден астам өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР  ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық әріптестік аясын еңейтудің әлеуеті зор. Әсіресе, сауда көлемін арттыру, инвестиция мен көлік-логистика сияқты бағыттарға басымдық беру қажет. Қазақстандық тарап бұған ықпал ететін барлық жағдайларды жсап, қалыптасқан ынтымақтастықты жетілдіретін нақты істерге көшуге әзір.

Сарапшылардың пйымдауынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастыққа жан бітіретін бірден бір сала ол – өндірістік кооперация. Қазіргі таңда ел аумағында белорус техникасы мен қондырғыларын құрастыратын 8 ірі кешен бар. Олардың бірі – Минск трактор зауыты. Жергілікті диқандар мен ауыл еңбеккерлері агроөндірістік салада таптырмас көмекшіге айналған техниканы сынап шарапатын көріп үлгерген.

АЛЕКСАНДР КАЗАКЕВИЧ, «МИНСК ТРАКТОР ЗАУЫТЫ» ААҚ ӨКІЛІ:

- Біздің кәсіпорынның Қазақстан нарығына шығып, өнімдерін үлкен өндіріс жолына қойғанына біраз уақыт болды. Қазір мұнда Беларусь зауытының үш бірдей өкілдігі бар. Өндірістік және кеңселік кешендер. Минскіде жиналатын техникаларға да Қазақстанда сұраныс жоғары.  Қазір әр аймақта 55 дилерлік өкілдеріміз жұмыс істейді.

Қазақстан-Беларусь форумына барлығы екі жақтан жүз жиырмаға тарта компанияның өкілдері қатысты. Іскерлік жиын аясында ұйымдастырылған көрмеге азық-түлік, фармацевтика және өндірістік өнімдер қойылды. Диалог алаңы тәжірибе алмасу, бизнес әріптестік орнату жаңа келісімдерге тұрып, бірлескен жобалардың негізін қалау үшін үлкен сеп болды, дейді қатысушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер