Қазақстан мен Түркия – стратегиялық әріптес. Бауырлас халықтардың түрлі салада ынтымақтастығы еселеніп келеді. Алдағы уақытта қос мемлекет арасындағы  сауда-саттық көлемін 10 млрд доларға жеткізу көзделіп отыр. Елордада өткен екі ел бизнес қауымдастықтарының басқосуында бұл мақсатқа жетудің алғышарттары талқыланды. Былтырғы өзара алыс беріс көрсеткіші 4 млрд. доларды құрапты. 

АЯН ЕРЕНОВ, ҚР СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

–Биылғы тауар айналымы 1,5 млрд. доларға жетті. Оның 850 млн доллары импорт болса, қалғаны отандық экспорттың үлесінде. Басым бөлігін метал, газ, шикізаттық өнімдер құрайды. Алдағы кыркүйек айында елімізге Түркия президенті жұмыс сапарымен келеді. Елбасылардың көздесуі қос тараптың экономикалық әріптестігін нығайтып, бизнес қауымдастыққа тың жаңалықтар мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз. 

 

Барлығы форумға екі жақтан 200-ге тарта компания өкілдері қатысты.Тауар айналымын арттыру үшін экономикалық әлеует асып жетіледі, дейді серіктестер. Мәселен, түркиялық компаниялар тау-кен өндірісі мен ауыл шаруашылығы, құрылыс және банктік қызмет салалары бойынша тығыз байланыс орнатып, елімізге инвестиция құюға әзір екендіктерін жеткізді.

 

НИХАТ ЗЕЙБЕКЧИ, ТҮРКИЯНЫҢ ЭКОНОМИКА МИНСТРІ:

- Екі елдің әріптестік аясы әлдеқайда кең. Сол мүмкіндікті барынша пайдалануымыз қажет. Кенжелеп қалған салаларда байланысты жандандыру керек. Бүгінге дейін түркиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 2 млрд доллардан астам қаржы құйды. Бұл көрсеткішті 5 есе артыруға әбден болады. Ол үшін жол көлік логистикасы бар. Визасыз режим, инвесторларға жасалып жатқан жеңілдіктер осыған үлкен сеп болды. Енді бірллесіп өзге елдерге инвестиция салудың жолдарын қарастырған жөн.

Жергілікті тарап бұл талпыныстарын жүзеге асыру үшін елімізде барлық жағдайлар жасалып жатқанын айдады. Мәселен оңтүстік өңірде Қазақстан-Түркия индустриялық аймағы құрылып қойылыпты. Онда қазір бірлескен 8 инновациялық жоба іске асырылуда. Жақында ортақ сауда кәсіпкерлік палатасы құрылмақ. Қазір ел аумағында түркиялық капиталымен 2 мыңға тарта өндіріс ошағы табысты еңбек етіп келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер