Астананың инвестициялық әлеуеті жоғары, деп хабарлайды Moody's. Халықаралық рейтинг агенттігі бас шаһардың капитал тарту мен несиелік әлеуетінің болжамын «жағымды» көрсеткішке жоғарылатты. Сарапшылардың пікірінше, оң болжамға жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері және қаланың қарқынды экономикалық дамуы сияқты жағдайлар әсер кеткен.

Бүгінде Астана сәулеті ерекше, инфрақұрылымы дамыған заманауи қала ғана емес, индустриялық жобалардың орталығы да. Мұнда 2002 жылы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Қазір онда 66 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде 44 кәсіпорын елімізді сапалы әрі отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр.

ЕРЛАН БАҚАЕВ, АСТАНАДАҒЫ АЭА БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Астананың экономикалық аумағында шетелдік инвестиция тарту мәселесі де қараусыз қалған емес. Алдағы уақытта Дания елінің инвесторлары арнайы экономикалық аймақта дәрі-дәрмек шығарумен айналыспақ. Ал жуырда қытайлық инвесторлармен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойдық. Қазір келіссөздер жүріп жатыр.

Астананың экономикалық аймағына шетелдік инвестиция тарту қарқыны үдеп келеді. Мысалы, поляк іскерлері индустриялық парктегі зауыт-фабрикалардың жұмысымен танысты.

ЯДВИГА ЭМИЛЕВИЧ, ПОЛЬШАНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Астанаға келген польшалық кәсіпкерлер бизнес үшін қолайлы жағдаймен танысты. Қазақстанда біз құрылысқа қажетті химия өнеркәсібі зауыттарын көптеп ашқымыз келеді. Біз өндірген тауарлар жергілікті тұтынушылардың көңілінен шығады деген сенімдемін. Сондай-ақ, Астанада фармацевтикалық фабрика мен теміржол вагондарын құрастыру зауытын салу жоспарда бар.

Аймақтың 2027 жылға дейін даму жоспары бар. Биыл мұнда екінші өнеркәсіп паркі құрылады. Ол жерде отандық және шетелдік бизнестің қатысуы бар 130-дан аса кәсіпорын орналасатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер