Қазақстанда бизнес нысандарының саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Сарапшылар мұны ЕХРО көрмесімен байланыстырады. Халықаралық шара жергілікті іскерлердің экономикалық белсенділігін арттырды. Бірінші кезекте, көрменің туристік әсерінің арқасында қызмет көрсету саласын жаңа деңгейге көтеруге серпіліс берді.

МАРАТ ӘЛМАҒАНБЕТОВ, «АСТАНА-КОНВЕНШН БЮРОСЫ» ЖШС АРНАЙЫ ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Туристердің көп келуі туризмнің дамуына оң әсерін беріп жатыр. Қала қонақүйлерінің толықтығы 60 пайыз болып тұр. 2016 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар туристік қызметтерге де сұраныс артып жатыр. Аудиогид, экскурсия қызметіне сұраныс екі есе артқан.

Қазір елордада 200-ге тарта қонақүй бар. Оның 20-дан астамы ЕХРО қарсаңында ашылды. Бұдан бөлек, меймандар үшін 100-ге жуық хостелдің есігі ашық. Барлығы қоанқтардың көңілінен шығуға жан салуда.

ШАРУЛ МОД НАДЗИР, ТУРИСТ /МАЛАЙЗИЯ/:

- Егер турист елге тағы келсін десеңіз, оған қолжетімді, сапалы қызмет жасалуы тиіс. Ол әуежайдан түскеннен аудармашының, қаланы таныстырушының жұмысынан басталады. Тамақтандыру орындары, қонақүйлердің қызметі деп осылай кете береді. Қазақстанда туризмнің даму беталысы жаман емес. Барынша жағдайымызды жасап жатыр. Екінші рет жолым түссе осы қонақүйге тоқтаймын деген ойым бар.

ЕХРО-ға келген қауым ішкі нарықтағы сауда айналымының өсуіне де оң ықпалын тигізді.

ЖҰМАГҮЛ ТОРЫБАЕВА, САТУШЫ:

- ЕХРО басталғалы саудамыз қызу жүріп жатыр. Тауарларымыз өтімді. 00 31 асханалар келіп әкетеді. Бағасы да, сауда айналымы да жақсы.

Биылғы жылдың 6 айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,2%-ға артты. Әсіресе, туризм саласы қарқын алды. Өткен жылмен салыстырғанда қонақ үйлер мен тамақтандыру орындары қызметінің үлесі 30 пайызға көбейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер