Қазақстанның экспорттық әлеуеті жыл санап артыр келеді. Ел аймақтарындағы ірі кәсіпорындар бағындырған сыртқы нарықтар көбейген. Мысалы, Сыр өңірінде соңғы 4 жылда балық экспорты үш есеге артты. Ағымдағы жылдың 3 айында Еуропа, Орталық Азия және Кап тауын мекендеген мемлекеттерге өңірден 5 жарым мың тонна балық өнімдері экспортталды. Соңғы 4 жылда балық аулау көлемі 65%-ға артып отыр.

МАРЛЕН АЙНАБЕКОВ, ҚР АШМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Қазақстанның экспорттық әлеуеті жоғары. Сыртқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50% біздің балық. Аралдың жандануымен біз балық шаруашылығына бөлінетін субсидия және балық корегі көлемін арттырамыз.

Бүгінде аймақтағы 8 ірі балық зауыты жылына 11 мың тоннадай өнім өндіреді.

ӘДІЛБЕК ӘЙІМБЕТОВ, АРАЛ СЕРВИСТІК ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде шетелге кететін ассортимент Еуропаға кететін балықтың филесі, Ресей, Грузияға қақталған я болмаса тұздалған балықтар кетеді. Өзіміздің Қазақстанға кеше жақында 10 мың тонна балық Экспо-2017 көрмесіне апарып, Астанада күнделікті сатылып тұр.

Ал Қытай Қазақстаннан мұздатылған қой етін сатып алады. Өткен айда екі елдің арасында етті экспорттауға қатысты келісімге қол қойылған еді. Енді тек ветеринарлық сертификатты Қытай тарапынан бекіту ғана қалды. Мұндай ауқымды жұмыс Біріккен Араб Әмірліктерімен де жүргізіледі. Ал, Иранға жіберілетін қой етін тасымалдау бойынша барлық талаптар келісілді. Сонымен қатар, Израиль мемлекетімен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаеваның айтуынша, мамырда Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тың серпін берері сөзсіз.

ГҮЛМИРА ИСАЕВА ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазақстанның әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы ірі мемлекеттердің қатарынан көріне алатынын елбасы ерекше атап өткен болатын. Әсіресе, экологиялық таза өнімдерді шығаруда әлеуетіміз зор. Бізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жүйелі бағдарламасы бар. Оны толық жүзеге асырсақ, ауыл шаруашылығы саласының жаңа тынысы ашылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер