Өскеменде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама бойынша ашылған полимер материалдар шығаратын зауыт толық қуатына көшті. Ағаш үгіндісіне химиялық қоспалар қосылып, белгілі температурада қыздырылған соң мынадай түйіршіктер алынады. Одан соң бірнеше кезеңнен тұратын  арнайы станоктан өткізіліп түрлі пішіндегі құрылыс материалдары шығарылады. Кәсіпорын күн мен суға шірімейтін және аязға да төзімді құрылыс материалдарымен ішкі нарықты қамтып отыр. Ендігі меже - экспорт. Иран мен Әзербайжанға жөнелтуге келісім жасап жатыр.

 

РАШИД АЛШЫНБАЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

 - 2016-жылы 200 тоннадан астам өнім шығарсақ, енді 2017-жылы 300 тоннаға дейін шығарайық деп отырмыз. Енді келешекте 2018-2019 жылы Қазақстан нарығына байланбай, шетелге шығарсақ деп отырмыз.

 

Бұған дейін шығарылған өнімінің басым бөлігі Астанадағы ЕХРО қалашығын салуға жіберілген. Шығыс Қазақстанда индустриялық жобалардың алғашқы 5 жылдығында 154 миллиард  теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 11 миллиард теңге түскен. 

 

АСЛАН ҚАБДЫҒАЛИЕВ, ШҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

 - 2017-жылы 9 инвестициялық жобаны  іске асыру жоспарланып отыр. Ол шамамен 402 миллиард теңге болады.  Соның ішінде  «Ақтоғай» кен орны республикалық инновациялық жобалар тізіміне енді. Бұл  ең ауқымды жоба саналады.

 

Индустриялық жобалардың қарқынын арттыру үшін облыста арнайы үш аймақ құрылды. Ол үшін Семей мен Өскемен қаласынан 100 гектарға жуық жер бөлінді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер