ЕХРО халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін оның базасында ашылатын орталықтарда француз бизнесмендері де жұмыс істеуі мүмкін. Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Франция делегациясымен кездесіп, осындай ұсыныс жасады. Атап айтқанда, ел экономикасын әртараптандыруға, ғылыми әлеуеті зор жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға арналған жобаларды іске асыруға шақырту алды. Сергей Громов пен Франция Сенатының депутаты Ив Поццо ди Борго кездесуі барысында Астана мен Париж ынтымақтастығының жоғары деңгейде екені аталып өтті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер