Биылғы жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-саттық 440 миллион доллардан асты. Екі жақты алыс берістің басым бөлігін отандық тауар экспорты құрап отыр. Ал былтыр экономикалық байланыстың көрсеткіші 800 млн долардан асып жығылған. Румыниядағы елшіміз Дәулет Батырашевтың айтуынша, соңғы 11 жылда осы елдің бизнес қауымдастығы жергілікті экономикаға 830 млн долар инвестиция құйған. Арадағы ынтымақтастықты жандандыруға 2009 жылы «Қазмұнайгаз» компаниясының «Румпетрол» кәсіпорнын иелену, серпін бере түсті, дейді елші. Бұндағы мақсат – қазақстандық мұнайды Румыния арқылы Еуропаға тасымалдау қарқынын арттыра түсу.   

 

ДӘУЛЕТ БАТЫРАШЕВ, РУМЫНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ:

 - «Румпетрол» компаниясы Еуропаның 8 мемлекетінде жұмыс істейді. Қытайлық тарап Румынияның жанар-жағармай станцияларына 3 млрд доллар салуға дайын отыр. Осы арқылы қазақстандық мұнай өнімдерін өңдеуді 5 млн-нан 10 млн тоннаға дейін арттыру көзделуде. 

 

Жалпы бүгінгі таңда Қазақстан мен Румынияның бірлескен кәсіпорындарының саны қырыққа жетіпті. 25 жылда екі жақты ынтымақтастықтың аясы кеңейіп, инвестициялық әлеует арта түсті. Әр салада әріптестік орнаған. Алда халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру жоспарда бар дейді, дипломат.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер