Қазақстандық шаруалардың экологиялық таза өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие. Оңтүстік өңірдің диқандары сәуірден бері 224 мың тонна бақша өнімін жинады. Оның басым бөлігі экспортталған. Мырзашөлдің тіл үйірер қауыны мен тәтті қарбызы Ресей мен Беларусь, тіпті Латвия нарығын жаулап алыпты. Көктемнің жауын-шашынды болғанына қарамастан аграрлы аймақтың шаруалары биыл бақша дақылдарын жылдағыдан бірнеше гектар артық еккен.

 

ӘБДІМӘЛІК ТӨРТБАЕВ, ДИҚАН:

 - Қазір заман талабына қарай ішкі базарға Россияға деп сәл осындай кішірек ерте пісетін сортын ектік. 3-4 жылдан бері қауынның аэрапорт деген түрі шықты. Сонымен кезек-кезегімен шыға береді. Бұның дәмі жақсы. Мырзашөл болғанымен, бұрынғыдай үлкен емес орташа.

Сабағынан жаңа үзілген қауын-қарбыз алдымен сұрыптаудан өтеді. Жолда бұзылмас үшін қатты піскендері бөлек алынады. Онымен ауыл жастары айналысады.

 

ГҮЛЗИРА АБУОВА, ОҚО МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Осы жұлдыз қауын Түркіменка деген осындай түріне сұраныс көп. Қазір Валет жақсы кетіп жатыр. Дәмі күшті сырты қаттылау ұзақ жолға жақсы.Біз қауындарды осылай бір келкі етіп саламыз.бір каробкаға 5-6 дан кетеді.Үлкенін алмаймыз. Әр қорап 23-24 келі шығады.

Диқандар арасында бәсеке бар. Сондықтан бақша өнімдерін шаруалар көктемнің басында егеді. Ерте піскен дақылдың бағасы да қалтаға қонымды болады. Бастапқыда қауынның әр келісі 400 теңгеге бағаланған.

 

ДӘУЛЕТ ЖҰРЫМБЕТОВ, ДИҚАН:

 - Қазіргі баға 45- 50 теңгеден айналып жатыр, шаруалардың еңбегі.Оның алғашқысын Ресей мемлекетіне жібердік, соңғылары өзіміздің мынау Астана, Қарағанды Павлодар Солтүстік облыстарына жіберіп жатырмыз.

 

Биылғы жылы облыс диқандары жалпы 57 мың гектарға бақша дақылын егіпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама артық. Қазірдің өзінде сол жерлерден 224 мың тонна өнім жинаған. Оның 51 мың тоннасы экспортталыпты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер