БҰҰ интеграция арқылы Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға мән беріп отыр. Ұйым бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтар брифинг өткізіп, осы мәселені қозғады. Атап айтқанда, ЭСКАТО-ның Солтүстік және Орталық Азиядағы жұмысы және Астанада өткен Тұрақты энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форумның қорытындысы сөз болды. Бұл мәселемен ЭСКАТО белсенді түрде айналысып келеді. Қазір ұйым құрамында 53 мемлекет бар. Бұл - әлем халқының 60 пайызын, яғни 4 миллиардтан аса тұрғынды біріктіріп отыр деген сөз. Мәселен, Алматыда ЭСКАТО-ның субөңірлік кеңсесі белсенді жұмыс істейді. Ол тек еліміздің ғана емес Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мен Ауғанстанның жұмысын үйлестіреді.

 

ШАМШАД АХТАР, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЭСКАТО АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Орталық Азия елдерінің экономикасы БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясының жұмысында маңызды орынға ие. Біз 2 түрлі өте маңызды сараптамалық зерттеу жүргіздік. Оның біреуі тұрақты дамуға бағытталған. Ал келесі зерттеуде өңіраралық әріптестік пен экономикалық интеграция мәселесі қаралды. Біз инфрақұрылымды дамытып, тарифтік кедергілерді төмендету арқылы сауданы ырықтандыруды қолдаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер