Атырау облысы Ұлыбританиямен іскерлік байланыс орнатты. Өңірге 40 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылмақ. Атырауда құбыр жүйесі арматурасын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл жоба өңір экономикасын әртараптандыру және индустрияны дамыту негізінде іске асырылды.

 

КЭМПБЕЛЛ КЕИР, ҰЛЫБРИТАНИЯ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

 - Бізді Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қызықтырады. Сіздерде өндірістік бизнеске мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Нәтижесінде аз уақытта Атырауда 60-қа тарта бірлескен кәсіпорын құрылып отыр.

 

Ұлыбританиямен Қазақстанның Атырау облысы арасындағы тауар айналымы артып келеді. Өткен 5 айда бұл көрсеткіш бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 123 млн АҚШ долларын құраған. Мұнайлы өңірде британдық инвестиция қатысуымен 126 бірлескен компания жұмыс жасайды.  

 

АЗАМАТ АСЫЛБЕКОВ, «ҚАЗАҚИНВЕСТ» ҰК АТЫРАУ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазіргі таңда «Қазақинвест» АҚ ұлттық компаниясы Атырау облысына жылына шетелдік инвестициядан келетін тікелей 3 млрд доллар тартуға жоспар қойып жатыр. Біз осы жоспарды орындау мақсатында инвесторларды тарту мақсатында мемелкеттік қолдау шараларын «бір терезе» жүйесімен көрсетуге дайынбыз.

 

Мамандардың пайымдауынша бұл - тек осы саладағы тұңғыш шетелдік инвестиция. Жалпы жоба 5 жылға жоспарланған. Егер зауыт өніміне сұраныс көбейсе, өндірісті кеңейту ойда бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер