Тараздағы гипс өңдеу зауыты алғашқы өнім топтамасын Қырғызстан мен Өзбекстанға да жөнелте бастады. Кәсіпорын мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жуырда іске қосылған. Жылына 36 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Келешекте өндірістік қуаты 140 мың тоннаға дейін артады. Жобаның жалпы құны 3,9 миллиард.

 

МАДИЯР ТОҚМҰРАТОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Тәулігіне 120 тонна гипс өндіріп жатырмыз. Түрлі қалаларға жіберіп жатырмыз. Астанаға, Шымкентке уже сатылым басталды.

 

Барлық технология жаңа заманға сай. Қондырғылар Италия мен Ресей мемлекеттерінен әкелінген. Автоматтандырылған жүйені арнайы оқу курстарынан өткен білікті мамандар басқарады.

 

ТАЛҒАТ ЖҰМАҒҰЛОВ, АУЫСЫМ ШЕБЕРІ:

 - Қазіргі процесіміз біз гипс ИВС-3 шығарып жатырмыз. Производительность 40-45 тонна бір сменде. Міне қазір қосылды. Вентилятор, фильтр қазір мельница қосылады.

 

БАҚЫТЖАН ӘБЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - 5-нысан ашылып отырған. Бірінші бес жылдықта 4 жоба іске асырылса, енді мына екінші жартыжылдықта ең бірінші жоба мына зауытты ашып отыр. екінші жарты жылдыққа бізде 8 жоба іске асыру жоспарланып отыр.

 

Өңірде индустриалды-инновациялық дамытудың екінші жартыжылдығында 9,1 миллиард теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске қосылмақ. Жоспар жүзеге асса, мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер