Қазақстан экспорттың жаңа бағыттарын дамытуда. Тауардың сәйкестігін анықтайтын ұлттық орталық мамандарының айтуынша, бүгінде отандық өнімді халықаралық аккредитациялау арқылы нарыққа шығару бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Ұлттық орталықтың осы орайдағы халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатуы қазақстандық экспортттың сапасын бағалаудағы шығынды қысқарытып, алыс беріс кезіндегі техникалық кедергілерді жойып, қағаз бастылық мәселесін шешуге септесуде. «Бұл ең алдымен қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін сыртқа тасымалдауда жол мен әкімшілік машақаттарды азайтудың қамында жасалып жатыр»,-дейді мамандар. Есесіне бүгінге дейін жергілікті аккредитациялау ұйымы тіркеген жарты млн-нан астам хатттаманың он мыңға жуығы сыртқы экспорттың үлесінде.      

 

МАҚСҰТ ӨМІРХАНОВ, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:  

 - Хаттамалардың негізгі  дені балық шаруашылығы мен ет өнімдері, шұжық пен сүт өнімдеріне, бал және астық түрлеріне берілді. Отандық тауар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан Ауған, Қытай, Иран, Сербия, Испания, Ресей, Белорусь пен Польша елдеріне тасымалданды.

 

Мамандар бұл бағыттағы жұмыс аяқсыз қалмай жетілдіріле түсетінін айтады. Ұлттық аккредитациялау орталығы осы іске қатысты 2017-2019 жылдарға арналған стратегиялық жоспар құрып қойыпты. Құжатта отандық экспорттың әлеуетін арттырумен қатар қызмет көрсету сапасын жақсарта түсу жағы қарастырылған. Сондай-ақ мамандандырылған орган халықаралық аккредитациялаудың өзге де озық түрлерін ендіруді көздеп отыр.» Елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аталмыш іске дем береді»,-дейді, мамандар.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер