Қазақстан мен Қытай жалпы сомасы 160 млн доллар болатын 7 келісімге қол қойды. Аграрлық инвестицияларға арналған Қазақстан-Қытай форумының нәтижесі осындай. Оған екі елдің жүзден астам бизнес, ғылым және білім өкілдері қатысты. Кездесу барысында Петропавл қаласының маңында пестицидтер мен гербицидтер өндіретін зауыт ашу жөнінде тиісті келісім жасады. Сондай-ақ тараптар «Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығының» жанынан аграрлық ынтымақтастық бойынша үлгілік аймақ құруды шешті.

 

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

 - Инвестициялық форум аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Азық-түлік корпорациясы Қытай тарапымен 100 мың тонна дәнді-дақыл мен 200 мың тонна бидайды жеткізу бойынша тиісті құжаттарды қабылдады. Екі тараптың бірлескен гербицидтер өндіру зауытының құны 100 млн долларды құрайтын болады. Және екі министрлік тәжірибелік агропарк құру жөнінде келісім жасады. Ол жерде заманауи аграрлық технологиялар зерттелмек.

 

ХАНЬ ЧАНФУ, ҚХР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

 - Екі ел басшыларының арасындағы келісімдерді жүзеге асыру мақсатында іс-сапармен келіп отырмын. «Бір белдеу-бір жол» жобасы аясында қазақ-қытай ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайтуды көздейміз. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Қытайға осыдан 4 ай бұрын іс-сапармен келген болатын. Сол кезден бері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Қол қойылған құжаттар екі елдің әріптестігін нығайта түседі деген сенімдемін.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер