Жібек жолы және Каспий теңізі аймағындағы мемлекеттердің экономикалық дамуы және қауіпсіздігі! Бұл өзекті мәселелер АҚШ-тағы «Хэри-тадж» қорының зерттеу институтында талқыланды. Оған Солтүстік Америка мемлекетінің білікті мамандары қатысып өз ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша Орталық Азия және Каспий теңізі аймағымен сенімді серіктестік орнату маңызды міндет. Бірақ, АҚШ бұл мүмкіндікті барынша пайдалана алмай келеді. Себебі Еуразия құрлығының дәл осы бөлігі географиялық және мәдени тұрғыда Еуропа мен Азияны байланыстырады. Айта кетейік америкалық сарапшылар кеңесіне Қазақстан тарапынан Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов де қатысты.

 

ЛЮК КОФИ, «HERITAGE» ҚОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан Орталық Азиядағы біздің маңызды серіктесіміз. Оның үстіне, бұл мемлекет Еуразияның жүрегінде орналасқан. Сондықтан оған жүктелген жауапкершілік жүгі салмақты. Қазақстан мен АҚШ-тың әріптестігі бірнеше бағытта дамып келеді. Ядролық қаруды таратпау, Солтүстік Корея, Иран және Сирия сынды елдердегі жағдайды реттеу тұрғысында мақсат-міндеттеріміз ортақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер