Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі отырысында жалпы сомасы 1 миллиард долларға экономикалық келісімдер мен жобаларға қол қойылады деген жоспар бар. Инвесторлардың назарына 19 жоба ұсынылды. Олардың 5-еуі жаңартылатын энергия саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталса, қалғаны өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыруға арналған неміс маркасымен белгіленетін жобалар. Бұл туралы Астанада өткен Берлин Еуразиялық клубының жиырмасыншы отырысында мәлім болды. Айта кетейік, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымның көлемі 4 миллиард еуро болса, жыл соңында бұл көрсеткіш тағы 40 пайызға өсетін түрі бар. Неміс статистика қызметінің айтуынша, Қазақстан – ГФР үшін орталық Азия аймағында негізгі серіктес.

 

МИХАЭЛЬ ХАРМС, ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ ШЫҒЫС КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - ЭКСПО көрмесінде қозғалатын негізгі тақырып болашақ энергиясы және энерго тиімділік. Қазақстан индустриаланған сайын біздің сіздермен әріптестік орнатуымызға мүмкіндігіміз молая түседі. Меніңше Қазақстан аймақтарының шетелдермен қарым-қатынасын дамыту керек. Біз сіздердің елдеріңіз арқылы Орталық Азия нарығына шығуға мүдделіміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер