Қазақстан-Қытай бірлескен агротехнологиялар орталығын құрады. Бұл туралы «Жібек жолы» белдеуіндегі елдердің аграрлық инновация альянсының отырысында айтылды. Мамандардың айтуынша, «Жібек жолы» белдеуінде жатқан елдердің табиғаты мен жауын-шашын мөлшері бір-біріне ұқсас. Сондықтан технология мен білім беру ісінде тәжірибе алмасудың тиімді тұстары көп. Аграрлық инновация альянсы аймақтағы 20 елдің 60-қа жуық жоғарғы оқу орнын біріктіреді. Оның қызметі шеңберінде Қытай тарапы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне бір миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Бұл қаражат жаңа техникамен жабдықталған зертханалар ашуға жұмсалады.

 

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, «СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Бізде университетімізде өте бір жақсы үлкен заманауи ветеринарлық зертхана ашылатын болады. Қазақстан - Қытай зертханасы. Қазіргі таңда біз Қытайдан 38 сорттарды әкеліп, 8 дақылдың сұрыптарын әкеліп өзімізге бейімдеп жатырмыз. Қардың суын пайдалануымыз керек. Қытайда су деген тиімсіз қалмайды. Сондықтан Қытайдан жаңа технология әкеліп отырмыз. Қардың суын жинап, өзіміз картоп өсіріп жатырмыз. Оның бәрі ертең өзіміздің өндіріске енгізілетін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер