Еркін сауда туралы келісім күшіне енгелі Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы тауар айналымы  28 пайызға өсті. Жеті айдың ішінде экспорт - 22 пайыз, ал импорт 41 пайызға ұлғайды. Бұл – ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері. Аталған деректер Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы Келісім шеңберіндегі бірлескен комитетінің бірінші отырысында мәлім болды. Тараптар ветеринарлық қызметтердің консультациясы туралы келісімге келді. Оның арқасында вьетнамдық компаниялар балық пен басқа теңіз өнімдерін еуразиялық нарыққа жеткізуге рұқсат алуды көздеп отыр. Есесіне еуразиялық одақтың ет және құс етінің өндірушілері Вьетнам нарығына шыға алады.

 

ВЕРОНИКА НИКИШИНА, ЕЭК САУДА ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРІ:

 - Жеті айдың ішінде Еркін сауда туралы келісім бизнес үшін айтарлықтай нәтиже берді. Ең бастысы ол екі тарап үшін өте тиімді. Статистика бойынша екі елде де сауда айналымы 30 пайыз шамасында өcкен.

 

ЧАН ТУАН АНЬ, ВЬЕТНАМНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ:

 - Келісім күшіне енгеннен бастап жағымды әсерін көрдік. ЕАЭО-ға мүше әрбір елдің пікірін тыңдап, кәсіпкерлердің біздің нарықта қандай қиыншылықтарға тап болғанын сараптадық. Сауданы оңайлатудың тиімді тұстарын қарастырдық. Әрі қарай бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер