«Астана» халықаралық қаржы орталығы БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты елдері бойынша комиссиясымен белсенді түрде жұмыс жүргізбек. Екі ұйым өкілдері бас қосып, қаржы, сандық экономика, банк ісі  және «жасыл» бизнес салалары бойынша әріптестік орнату мәселелерін талқылады. ЭСКАТО  ұйымға мүше-мемлекеттердің адамдар арасындағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті түзетумен, баршаға ашық және тең мүмкіндіктер жасаумен айналысады. Білікті мамандар даярлауда да  қолдау көрсетеді. Енді ЭСКАТО «Астана» қаржы орталығы аясында да бірқатар жобаларды қолға алмақ.

 

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХҚО БАСҚАРУШЫСЫ:

 - «Астана» ХҚО  негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс жасамақ. Алдымен, Орталық Азия, аймақтың 50 пайызын Қазақстан алып жатыр. Бұл жерде мұнай-газ саласы, металлургия, көмір өндірісі дамыған.  Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ бар. Оның нарығы 170 миллионға жуық. Және үшіншісі, Жібек жолының экономикалық белдеуі. Қытай біз үшін аса маңызды серіктес.

 

БАРБАРА MЕЙНЕРТ, ЭСКАТО ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз «Астана» ХҚО-ның әлемнің қаржы-техникалық астанасына айналатынына сенеміз. Орталықтың әлеуеті зор. Қазірдің өзінде әлемде қызығушылыққа ие болды. Біз қаржы саласында екі сандық жобаны бірлесе жүзеге асырмақпыз.

 

Еске сала кетейік, қаржы орталығы келер жылдың қаңтар айында қазіргі ЕХРО аумағында жұмысқа кіріседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер