Қазақстан Венгрияны Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы сенімді одақтас ретінде қарастырады. Еліміздің сыртқы істер министрі Астанада мажарстандық әріптесімен кездесуде осылай деді. Ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, екі елдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалану, туризм, құрылыс және инновациялар мүдделеріміздің маңызды тұстары болып табылады»,-деп атап өтті Қайрат Әбдірахманов. Айта кетерлігі, Венгрия мен Қазақстан арасында Стратегиялық кеңес, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес және тікелей инвестициялар қоры  жұмыс істейді.

 

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Елдеріміздің сыртқы саяси ведмостволар арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастарға жоғары мән беріп отырмыз. Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесі контекстінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы Қазақстанның ұстанымыз әрқашан құптап, қолдап отырмыз.

 

ПЕТЕР СИЙЯРТО, МАЖАРСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА МИНИСТРІ:

Менің мұнда келуімнің басты себебі - Мажарстан 1 шілдеден бастап, құрамына Польша, Чехия, Словакия және Мажарстан кіретін орталық-шығыс одағына басшылық етеді. Бұл аралықта Орталық Еуропа мен Орталық Азия арасында тығыз ынтымақтастық орнатқымыз келеді. Біздің ойымызша, бұл бастама екі аймаққа да пайдасын тигізеді.

 

Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының басымды бағыттарының бірі – білім. Жақында Венгрияның жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер үшін бөлінетін гранттар саны 45-тен 200-ге дейін арттырылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер