Қазақстан мен Қытай жалпы құны 7 млрд доллар болатын 22 келісімге қол қойды. Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы өтті. Жобалар, негізінен, жаңғыртылған энергия көздерін дамытуға арналып отыр. Атырау өңірінде метанол және аммиак өндіретін кәсіпорын мен Жамбыл облысында күйдіргіш сода шығару зауытын іске қосу жоспарлануда. Қазақстан-Қытай қоржынында барлығы 51 жоба бар.  Жалпы құны – 28 млрд доллар шамасында.

 

ҚУАНЫШ БЕКТЕМІРОВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Оның ішінде «Самұрық-Қазынаның» 14 жобасы бар. Біздің бизнес серіктестігіміз мұнай-газ саласында, химия, тау-кен металлургия саласында және де логистикалық жобалар бар. Бұл жобалардың бәрі Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында істелініп жатқан жобалар. Оның көрсеткіштері әр салынған миллиард жылына 10-15 процентке дейін табыс береді.

Сонымен қатар, Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт болатын жылу және су электр станциялары салынбақ. Ал Ерейментау қаласындағы жел паркінің қуаттылығын 45-тен 300 МВт-қа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл Орталық Азия елдері мен Ресейге экспортталатын қазақстандық электр қуатының Қытайда да сұранысқа ие болуы мүмкін  деген ой тудырады.

 

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Ерейментаудағы жел паркі Астананың ЭКСПО нысандарын «жасыл қуатпен» қамтамасыз етеді. Қытайлық әріптестеріміз компанияның жарлық капиталына енуге және тәуекелді жеңілдетуге әзір. Бүгін таныстырылған жобалар Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастық саясатына сай келеді. Сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының талаптарына жауап береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер