Қазақстан мен Қытай бірлескен тікелей инвестициялар қорын құрмақ. Бұл жайында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесі басқармасының отырысында белгілі болды. Қор жобаға үлескер ретінде қатысу арқылы кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін болады,-дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында сауда-экономикалық байланысты кеңейту мәселесі кездесудің күн тәртібінде болатын. Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Қазақстан Ұйым елдерінің нарығына экспортты ұлғайтуды көздеп отыр. Әсіресе, Ресей мен Қытайға азық-түлік тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда. Алдағы уақытта аспанасты еліне қой етін жөнелту жоспарда бар. Келер жылға дейін еліміз 80 мың тонна қой етін экспорттауды мақсат етіп отыр.

 

НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қытайдың нарығы осы жылдан бастап бізге аса ашылып жатыр. Өсімдік майы, ара балы, осы жылдан бастап , 1 ай көлемінде протоколға қол қойлады. Біздің қой еті экспортталатын болады. Ол жерде баға өте жоғары. Біздің фермерлер үшін бұл өте керемет нәрсе.

 

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, ШЫҰ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ БӨЛІМ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қытай мен Үндістан банктерінің төлем мөлшерлемесі төмен. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында біздің бизнес өкілдеріміз несие алатын банктерін шетелдерден таңдай алады. Осындай ұйымдардың арқасында еліміздегі кәсіпкерлер қаражат алуға байланысты барлық шараларды бұрынғыдан тезірек ресімдей алады. Іскерлік кеңес халықаралық банк ұйымдары мен қаржылық институттардың арасында дәнекер болады. Ол үшін бизнес қауымдастықтар өз жобаларын ұсынуы керек. Біз ол ұсыныстарды іске асыруға көмектесеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер