Елордада Қазақстан-америкалық бизнес форум өтті. АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларына елімізге инвестиция құюдың артықшылықтары баяндалды. Ауқымды шара отандық машина жасау, денсаулық сақтау, құрылыс және тағам өнеркәсібі салаларына америкалық капиталды тарту мақсатында ұйымдастырылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АҚШ іскерлерін қазақстандық компанияларды жекешелендіру шарасына белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, шетелдіктер отандық биржаның акционерлері атанады деген жоспар бар. Ал америкалық NASDAQ биржасы ұйымның әріптесі болып, алаңды АйТи технологиялармен қамтамасыз етеді. 

 

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Жекешелендірілетін компаниялардың капиталы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызын құрайды.  Осы бағытта АҚШ-тың Насдак қорының біздің әріптесімізге айналуы үлкен маңызға ие. Олар сауда алаңын айти технологиямен қамтамасыз ететін провайдер болады. Сонымен қатар орталық іске қосылғаннан кейін, біз Қазақстанда жасыл энергетиканы дамытуға атсалысамыз. Қазір жобаны жүзеге асыру жоспары құрылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ЕХРО аяқталғаннан кейін, бұл жерде «Астана» қаржы орталығы орналасатын болады. Форумға келген халықаралық  мамандар көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және осы аумақта қаржы орталығын орналастыру туралы шешімнің орынды екендігін жеткізді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер