2025 жылға дейін ел экономикасының өсімі 5,5 пайызға жетуі тиіс. Астана экономикалық форумына жиылғандарды Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үшінші жаңғыртудың басты мақсаттарымен таныстырды. Оның айтуынша, бұл міндеттерді орындау үшін ел үкіметі басты 5 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Олар – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны жақсарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасы және нәтижелі жұмыспен қамту. Мұнымен қатар6 ел дамуына ықпал ететін 8 сала айқындалған.

 

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Жанармай-энергетика кешені, агроөнеркәсіп, көлік және логистика сынды барлығы 8 сала белгіленді. Олар бойынша әр жылда қандай нәтижелерге қол жеткізуіміз керектігі жоспарланды. Министрлер тиісті жұмысты атқаруға кірісіп отыр. Экономика өсімі көрсеткішін  5,5 пайызға жеткізу оңай болады деп айта алмаймыз. Алайда бұл жоспар кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады.

 

Министрлер кабинетінің басшысы экономика өсіміне кері әсерін тигізетін осал тұстар мен даму әлеуетімізді зерттейтін Дүниежүзілік банкке алғыс білдірді. Ұйым вице-президенті Сирил Мюллер болса, ел экономикасының арықарай өсуі үшін айтарлықтай өзгерістер қажет болатындығын атап өтті. Қазақстан үшін шикізаттық тауарлар кезеңі аяқталды,-деді ол.

 

СИРИЛ МЮЛЛЕР, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстанның өзінің географиялық мүмкіндіктерін пайдаланудың мүмкіндіктері зор. Сіздер үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыру маңызды. Мемлекеттік сектор мен мемлекет инвестициялары дамудың басты қозғаушы күші бола алмайды. Жеке секторға басымдық беру қажет.

Биылғы Астана экономикалық форумында жүзге жуық елдің ғалымдары, сарапшылары мен экономистері бас қосты. Жиын  «Жаңа энергия-жаңа экономика» тақырыбына арналып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер