Қазақстандық кәсіпкер әйелдер ЕХРО көрмесінде бас қосты. «Атамекен» іскер әйелдер Кеңесінің Конгресі келіншектердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мәселелерді талқылауға арналды. Онда қабылданған декларация  әйелдердің жобаларды басқару мен инвестиция тартуға қатысты білімдерін тереңдетуді қарастырады. Құжатқа сәйкес, болашақта Біріккен Ұлттар және Шанхай ынтымақтастық ұйымдары сияқты ірі халықаралық бірлестіктердің жанынан кәсіпкер қыз-келіншектердің жеке өкілдіктерін ашу көзделіп отыр.

 

ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНОВА, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Біздің алдымызға қойған бар мақсатымыз - кеңестің құрылу алдындағы өңірдегі қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке баулу. Кәсіпкерлік бәрімізге ортақ. Дегенмен қыз балаға осы өзіне тән ұяң мінезіне байланысты. Өзінің мынау өмірдегі алған жолына байланысты. Демеу және қолдау көптеу керек. Біздің бар мақсатымыз бүгінгі таңда екі аяғына тік тұрған қыз-келіншектеріміз өңірлік өзінің ауылдастарына, қыз-келіншектерге қолдау көрсетіп, мен істеген істі сен де жасай аласың деген ұран беру.

Жалпы, Қазақстандағы 700-ге жуық шағын және орта кәсіпорынды әйел адамдар басқарады екен. Олардың басым бөлігі сервистік қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер