Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары Астанада бас қосты. Бірлестік саммитіне тұрақты мүшелерімен қатар, Үндістан мен Пәкістан қатысады. Жаңа қатысушы-елдердің ұйымға енуі құрылым дамуының тың кезеңін ашады, - дейді сарапшылар. Мұндай құрам бірлестіктің беделін нығайтып, халықаралық ықпалын күшейте түспек. Өйткені енді Шанхай ынтымақтастық ұйымына жер жүзі тұрғындарының жартысына жуығы енеді. Яғни ұйым адам саны бойынша БҰҰ-нан кейінгі ірі құрылым болмақ.

 

САНАТ КҮШКІМБАЕВ, ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Үндістан мен Пәкістанның ұйым құрамына енуі Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы пікірталас механизмдерін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл, негізінен, экономикалық және сауда кооперациясымен байланысты. Мұнымен қоса, құрылымға жаңа елдердің қосылуы оның географиясы мен жаһандық рөлін арта түседі.

 

Қазақстан өткен жылдың маусым айынан бері ұйымға төрағалық еткен. Мұндай міндет жүктелген ел экономикалық әріптестікті, өңірлік қауіпсіздікті  және  мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ден қоюы тиіс.

 

ЕРКІН ТҰҚЫМОВ, ҚР ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Пікірталас алаңы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы рөлінің артуы Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бұл  өңірлік қауіпсіздік мәселелері әлдеқайда тиімді шешіледі деген сөз. Мәселен, енді Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесіне Үндістан да қатысатын болады. Ұйымның жаһандық деңгейге шығуы Қазақстан үшін аса тиімді.

 

Ресей Президенті Владимир Путин мен ҚХР –ның төрағасы Си Цзиньпин жақында өтетін саммитке қатысатындықтарын растады. Сондай-ақ, жиынға Үндістан Премьер-министрі НарЕндра МОди да келеді деп жоспарлануда.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер